Инвестициялық жобаларға қолдау күшейеді

59
28.06.2024 16:30

1,5 трлн теңгенің 23 инвестициялық жобасы жүзеге асып, 8 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылады! Түркістан облысында 2024-2027 жылдар аралығында аймақтың инвестициялық әлеуетін арттыруға басымдық берілмек! Аймақтың, жалпы еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері арнайы отырыста талқыланды. Жиынға жергілікті атқарушы билік пен бизнес өкілдері, Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева мен «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясың өкілдері қатысты.