Түркістан
EN

Жәрдемақының 14 түрі қысқарады

12
14.10.2026

«Көпбалалы дәулетті отбасылар өз күнін өзі көрсін» Осылай деген үкімет басшысы Олжас Бектенов азаматтарға әлеуметтік көмек беру жүйесін  сынға алды. Құрылтай  депутаты Наталья Годунова премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған сауалында үкіметтің республикалық бюджет тапшылығын 2027 жылғы 4,6 трлн теңгеден 2029 жылы 1 трлн теңгеге дейін қысқарту жоспары қаншалықты шынайы екенін сұрады. 

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР премьер-министрі

Табысы жоғары немесе төмен болсын, көпбалалы отбасылардың барлығына бірдей мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Меніңше, бұл — әділетсіз. Материалдық жағдайы жақсы, өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтар мемлекеттік көмек алмауы керек. Олар өз отбасын өздері қамтамасыз етуге тиіс. Ал мемлекет қиын өмірлік жағдайға тап болып, өз күнін өзі көруге мүмкіндігі жоқ азаматтарға ғана қолдау көрсетуі керек және алдағы уақытта да солай болады.