Қазақстан банктерінің 89 картасы арқылы жарты миллиард теңге айналымға түскен. Қаржылық мониторинг агенттігі онлайн-казиноларға ақша аударумен айналысқан халықаралық дропперлер желісінің жолын кесті. Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтарының банк шоттарын пайдаланып, заңсыз ақша айналымын ұйымдастырғаны анықталды. Күдіктілер Қазақстанға келген шетел азаматтарына ЖСН рәсімдеп, олардың атына SIM-карталар мен банк шоттарын ашқан. Кейін банк қосымшалары орнатылған телефондарды ақша қозғалысын басқаратын адамдарға берген. Бұдан бөлек, Жамбыл облысында да бірнеше елде әрекет еткен тағы бір қылмыстық топ анықталды.
ЕРНАР ТАЙЖАН ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ
Тінту барысында 180 банк картасы, 15 телефон, 50 мың АҚШ доллары, 27 мың USDT, төрт автокөлік, қару-жарақ, оқ-дәрілер және 26 SIM-карта тәркіленді. Банк карталарына түскен ақшаның жалпы көлемі 9,8 млрд теңгеден асқан. Сот бес күдіктіні қамауға алуға санкция берді. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.