Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды заманауи форматта жеткізудің ерекше тәсілін қолға алды. Бүгін қасиетті мекенде «Ясауи атамыздың шын қазынасы» атты балаларға арналған анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. Музей қызметкерлері жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып әзірлеген туындының басты мақсаты өскелең ұрпақтың бойына еңбек, білім, мейірім мен ізгілік қасиеттерін сіңіру.
Ақтілек Сламхан сияқты жас жеткіншектер Ясауи бабамыздың хикметтерін жатқа айтып, өлеңдегі терең сөздерден өзіне рухани азық алады. Бүгінгі таңда балаларды әлеуметтік желідегі мәнсіз мазмұннан арылту үшін оларға осындай мағыналы дүниелерді ұсыну өте маңызды.
АҚТІЛЕК СЛАМХАН – ОҚУШЫ
Қожа Ахмет Яссауидің 15-тен астам хикметтерін білемін. Осы осы қалалықтан бас жүлдені алып республикалық жарысқа қатыстым. Өте жақсы әсер етуде. Себебі оның даналығы өлеңмен өзінің даналығын болашақ оқушыларға берген ілімін білімін сөзбен жеткізген, адамға ой салар сөздері мені қатты ойландырады.