Биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға 25 мектеп салынады

52
26.06.2024 17:09

Биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға 25 мектеп салынады. Білім ошақтарының құрылысына 2,4 трлн теңге бөлінген.  Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәжіліс отырысында айтты. Мұның барлығы еліміздегі үш ауысымды мектептер мәселесін жою үшін бағытталған. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 369 мектеп, «Ауыл-ел бесігі» жобасына сай 6 білім ошағы бой көтереді.