Президент Мальтаның Сыртқы істер министрін қабылдады

44
25.06.2024 20:43

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мальтаның Сыртқы істер министрі Иан Борчты қабылдады. Кездесу барысында екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері айтылып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясындағы ықпалдастықтың жай-күйі талқыланды. Мемлекет басшысы ұйымның қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлер жағдайында барлық үш өлшем бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Сондай-ақ 2010 жылғы ұйым саммитінің Астана декларациясында бекітілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан барлық тараппен тығыз ынтымақтастық жасауға бейілді екенін растады.