Мемлекеттік сатып алудың жаңа тәртібі

72
24.06.2024 17:30

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда сатып алудың жаңа сапалы жүйесін енгізуді тапсырған болатын. Президент пәрменімен Сенат «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңды мақұлдады. Осыған орай Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасында «Ашық есік» күні өтті. Шараға аймақтағы тапсырыс пен өнім берушілер қатысып, толғандырған сауалдарына жауап алды. Басқарма өкілдері оларға Жаңа заңның негізгі нормаларын, сатып алулар мен тендерге қатысудың тәртібін түсіндірді.