СҚО-да үш бала суға кетті

131
17.06.2024 21:38

Солтүстік Қазақстан облысында үш бала суға кетті. Қайғылы оқиға Тайынша  ауданының Чаглинка өзенінде болған. Қаза болғандардың екеуі 16 жастағы жасөспірім. Ал, 10 жастағы үшінші баланың денесі әлі табылмады. Бүгінде облыстағы төтенше жағдайлар департаменті іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол үшін жеке құрамнан 52 адам және 5 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, іздеуге бір су асты дроны мен ұшқышсыз басқарылатын 2 ұшу аппараты бөлінген.