«Ясауи лагері» жазғы мектебі ашылды

251
17.06.2024 16:03

«Ясауи лагері» өз жұмысын бастады! Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қабырғасында ашылған жазғы мектеп 3 күнге созылады. Оған оқу ордасы қызметкерлерінің балалары қатысып, демалыстарын тиімді өткізбек. Лагерь жұмысы салтанатты іс-шарамен басталып, 60-қа жуық бала ойын-сауық бағдарламаларына қатысты.