Су тасқыны. 2500-ден аса құлсарылық өтемақы алады

56
13.06.2024 16:26

Құлсарыда екі жарым мыңнан астам тұрғын баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алу туралы келісімге қол қойды. Қазір 1931 тұрғынның жеке шотына ақша аударылды. Оның ішінде 996 адам тұрғын үй сатып алу үшін, 935 адам үйіне жөндеу жүргізу үшін қаражат алды. Сонымен қатар, қалада тасқын судан зардап шеккендерге арналған 100 үйдің құрылысы жалғасуда. 5 бөлмелі әр үйдің ауданы - 100 шаршы метр. Мұнда ас үй, екі жатын бөлме, қонақ бөлме және жуынатын бөлме бар. Үйлерді жергілікті құрылыс компаниялары салып жатыр.