ҚТЖ дефолтқа ұшырауы мүмкін

165
12.06.2024 21:24

Қазақстан темір жолы дефолтқа ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілісте мәлімдеді. Айтуынша ұлттық компанияның қарызы 3 трлн теңгеге жуықтаған. Ал темір жол инфрақұрылымын дамытуға бөлінген ақша тиімді жұмсалмаған. Соңғы 4 жылда салаға 2 трлн теңге қаржы бөлінсе де, теміржол желілері, локомативтер, вагондардың тозығы жетіп тұр. Салдарынан жолаушылар пойызы бір жылда 412 сағатқа кешіккен.