Қазақстанда құрбан шалу рәсімін онлайн өткізуге арналған сайт қосылды

148
11.06.2024 16:23

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін онлайн өткізуге арналған сайт іске қосылды. Тұрғындар qurban2024.kz сайты арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырыс сәтті өтсе, ұялы телефоныңызға хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі. Сайтта белгіленген баға бойынша:Қойдың құны – 75 мың теңге; Ірі қараның құны – 490 мың теңге.