Түркістан облысында жүк көліктерінің жүруіне уақытша шектеу енгізілді

119
10.06.2024 17:23

Енді салмағы 8 тоннадан асатын жүк көліктері республикалық маңызға ие автомобиль жолдарымен жүре алмайды. Көлік министрлігі осындай шешімге келді. Оған күннің бірден ысуы себеп. Сондықтан, бірінші маусымнан бастап күндізгі сағат 10-нан кешкі онға дейін тасжолда жүруге тыйым салынады. Заңды елемеген 8 тоннадан артық жүк тиеп өткен көлік иесіне 5 пен 1000 айлық аралығындағы есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынады. Айта кетейік, бұл норма төтенше жағдай көліктері мен жолаушы, азық-түлік, дәрі-дәрмек тасымалдайтын көлік құралдары қатысты емес. Шектеу 31 тамызға дейін жалғаспақ.