Бүгін 11 өңірде аптап ыстық болады

100
10.06.2024 17:21

Бүгін 11 өңірде аптап ыстық болады. Бұл туралы синоптиктер мәлімдеді.  «Қазгидрометтің» ақпараты бойынша, еліміздің басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа-райы сақталады. Найзағаймен жаңбыр, дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшеюі мүмкін. Ал Батыс Қазақстан, Атырау,  Қызылорда облыстарында, Жамбыл мен Түркістан облысының шөлді аудандарында қатты ыстық болып және жоғары өрт қауіпі сақталады.