Атыраулық құтқарушылар түтіндеген пәтерден 8 айлық сәбиді алып шықты

110
06.06.2024 16:36

Атыраулық құтқарушылар сегіз айлық сәбиді ажал аузынан аман алып қалды. Оқыс оқиға облыс орталығындағы 6 қабатты тұрғын үйде болған. Пәтерлердің бірінде газ плитасында қалған тамақ күйіп, үй іші қою қара түтінге оранған. Пәтер есігі құлыптаулы тұрғандықтан өрт сөндірушілер ішке терезе арқылы кіреді. Үйде бір өзі қалған нәрестені қалың көрпеге орап, қауіпсіз жерге алып шыққан.  Оқиға орнына дереу жеткен дәрігерлер оған алғашқы көмек ұсынды.   Қазіргі таңда өрт қаупі жойылып,  оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.