Жолаушылар тасымалдайтын такси аударылып, 4 адам көз жұмды

148
06.06.2024 16:35

Ақтөбеден Ресейге қатынайтын көлік аударылып, 4 адам көз жұмды. Бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.  Жантүршігерлік жағдай Қарғалы ауданы аумағындағы Ақтөбе-Орск тас жолында болған. Белгілі болғандай, Toyota Alphard автокөлігі ресми түрде жолаушылар тасымалымен айналысқан. Апатқа дейін көлікті полиция қызметкерлері тоқтатып, жол ережесін сақтау туралы ескерту бергені де анықталып отыр. Қазіргі сәтте оқиғаның мән-жайы анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.