Астанада қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған конференция өтті

87
05.06.2024 21:13

Биыл жыл басынан бері 36 қаржылық пирамида анықталды. Әлеуметтік желілерде 200 чат әшкереленіп, бүгінде оның 182-сі бұғатталды. «Кибербақылау» жүйесінде осы жылы 3 мыңнан астам сілтеменің жолы кесілді. Осылайша, 126 мың азамат ақшалай шығынға батудан аман қалды. Бұл туралы бүгін Қаржылық мониторинг агенттігінің онлайн жиыны кезінде айтылды. Пікірталасқа еліміздің 35 жоғары оқу орнынан 20 мыңнан астам студент қатысты.