«Жайлы мектеп» салып жатқан мердігерлердің өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды

95
05.06.2024 21:12

Ал Түркістан облысында «Жайлы мектептердің» құрылыс сапасы облыс әкімінің жеке бақылауында. Өңірде ұлттық жобасы аясында 63 мектеп салу жоспарланған. Бүгінде сол білім нысандарының құрылысы қалай жүргізіліп жатыр? Қандай проблемалары бар? Осы сұрақтарға жауап іздеу мақсатында облыс әкімдігінде арнайы жиналыс өтті. Жиында Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы «Жайлы мектеп» жобасы президенттің бақылауында тұрғанын мәлімдеді. Ал облыс әкімі білім ошақтарын салу бойынша міндеттеме алған мердігерлер жұмысты уақтылы әрі сапалы атқаруы тиіс екенін айтты. Айта кетейік, биыл пайдалануға берілетін 29 мектептің 4 -еуі инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған. 25-іне сараптама қорытындылары алынып, құрылыстарына облыстық бюджеттен қаржысы қаралған.