Түркістан
EN

Жұмыс істейтін әйелдер декреттік төлемнен қағылмайды

11
16.10.2026

Жұмыс істеп жүріп бала босанған әйелдерге сәбиі 1,5 жасқа толғанға дейінгі төленетін декреттік төлем тоқтатылмайды. Бұл туралы Құрылтай депутаты Ләззат Қожахмет түсіндіріп айтты. Жаңа реформаға сәйкес мұндай әйелдердің мұқтаж немесе ауқатты екені маңызды емес. Себебі, жұмысы бар азаматша ай сайын барлық жарнаны төлеп отырады. Сондықтан, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бұған дейін алған жалақының 40 пайызын бала 1 жарым жасқа толғанға дейін  төлеуге міндетті. 1- қаңтардан бастап іске асатын реформада жұмыс істемей, үй шаруасында отырып, баланы дүниеге әкелген әйелдердің мұқтаждық деңгейі қаралады. Ал, жаңа жылға дейін А және В категориясындағы әйелдер бұрынғыша декреттік төлемді ала береді. 

ЛӘЗЗАТ ҚОЖАХМЕТ – ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ 

Жыл сайын 200 мың, 300 мың бала дүниеге келсе, соның ішінде 11 мың әйел A және B санатына жатады. Сондықтан жұмыс істеп жүрген әйелдер еш қауіптенбесе де болады. Алаңдамаңыздар. Өзіңіздің денсаулығыңызға және өмір сүруіңізге жеткілікті табыс тауып, содан кейін балаңызды дүниеге әкелетін болсаңыз, сізге мемлекет жан-жақты қолдау көрсетеді. Соңғы екі жылдағы табысыңыздың 40 пайызын декреттік төлем ретінде бала 1,5 жасқа толғанша ала аласыз