Түркістан
EN

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті

11
16.10.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен кездесті. Көшбасшылар Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында жолықты. Екі тарап Қазақстан мен Израильдің сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа ден қоя отырып, ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылады. Ицхак Герцог Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптап, бұл оқиғаның тұрақтылықты нығайтуға қосылған зор үлес екенін атап өтті. Сондай-ақ президенттер Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.  Өз кезегінде Тоқаев шиеленісті бәсеңдетіп, қақтығыстарды дипломатия аясында реттеу қажеттігін жеткізді.