Түркістан
EN

Дәстүрлі баспасөздің болашағы талқыланды

10
16.10.2026

Сарғайған газет парақтары — өткен күннің үнін жеткізетін құнды жәдігер. Түркістандағы Фараб кітапханасында оқырмандар мен баспасөз өкілдері бас қосты. «Оқырманмен ойласу» атты кездесуде мерзімді басылымдардың бүгінгі жағдайы, газет оқуға деген қызығушылықты арттыру және баспасөзді оқырманға уақытылы жеткізу мәселелері талқыланды. Жиынға «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Ержан Байтілес қатысты.

Талай тарихтан сыр шертіп тұрған бұл сары қағаздар еліміздің ең алғашқы мерзімді басылымы. Тұңғыш рет Ұшқын деген атаумен жарық көрген газет, 1937 жылы Социалистік Қазақстан деп өзгерген еді. Ал мына жатқан қағаз дәл сол түп нұсқа.