"Жайлы мектеп" жобасына берілген қаражаттың тек 38%-ы игерілген

71
05.06.2024 21:11

Елімізде былтыр «Жайлы мектепттердің» құрылысына бөлінген қаржының 38 пайызы ғана игерілген. Бүгін мәжіліс отырысында депутат Нұртай Сабильянов ұлттық жоба аясында салынып жатқан білім ордаларының құрылысы баяу жүріп жатқанын сынады. Халық қалаулысының айтуынша, Жоғары аудиторлық палата жайлы мектептерді іске асыру тетігі тиімсіз деп тапқан. Мәселен, былтыр пилоттық жобаға бөлінген 500 миллиард теңге қаражаттың 38 пайызы ғана игерілген. Биыл «Жайлы мектептердің» құны 30 пайызға өсіп, 400 миллиард теңгеден асып кеткен. Жалпы елімізде 2025 жылға дейін ұлттық жоба аясында 369 мектеп салу жоспарланған.