Су тасқынынан зардап шеккен 717 отбасына жаңа үй мен пәтер берілді

127
05.06.2024 17:06

Су тасқынынан зардап шеккен 717 отбасына жаңа үй мен пәтер берілді. Үкіметі тасқын салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Мәселен, Қостанайдан 298, Ақмоладан 85, Ақтөбе облыстарынан 121 пәтер берілген. 3 981 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге деп өтемақы алды. Ал қазір 1862 жаңа үй салынып жатыр. 5 мыңнан астам отбасыға жоғалған аса қажетті дүние-мүлкін сатып алу үшін 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша көмек көрсетілді.