Түркістан сазды-драма театрында жаңа қойылымның тұсауы кесілді

135
30.05.2024 16:29

Абайша айтқанда, "мыңмен жалғыз алысу"... немесе "өңшең нөлдің арасындағы" - "единица"....Болмаса, "Қайда барсаң да, Қорқыттың көрі"... Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрында жаңа қойылымның тұсауы кесілді. Көтеретін мәселесі – сыбайлас жемқорлық, басты кейіпкер - пара алмайтын әкім. Ал сахнаны тұтас бір кеме қалпында безендірген қойылым атауы - «Жалғыз желкен».