Түркістан
EN

Құрылыс материалдары елімізде өндіріледі

1
17.11.2026

Қазақстанда алдағы үш жылда отандық құрылыс материалдарының үлесі 80 пайызға жеткізілмек. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. Қазір ішкі нарықтағы сұраныстың 73 пайызы отандық өнімдер қанағаттандырып отыр. Алайда кейбір материал түрлері бойынша импортқа тәуелділік сақталып қалды. Олардың қатарында жылу оқшаулағыш, керамикалық тақталар мен қаптау материалдары бар. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жаңа өндіріс орындары ашылып, инвестиция тартылмақ. Жобаларды іріктеу кезінде нарық сұранысы мен шикізат қоры ескеріледі.

ЕРСАЙЫН НАҒАСПАЕВ – ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ 

 Басты мақсат – алдағы үш жылда ауқымды құрылыс жұмысиапы аясында ішкі нарықтағы отандық құрылыс материалдарының үлесін 80 пайызға дейін жеткізу. Министрлік Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді орындау барысында отандық өнеркәсіптің тұрақты өсуін қамтамасыз етуге, жаңа өндірістерді дамытуға жіне қазақстандық тауарлардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратын шараларды жүйелі түрде іске асыруды жалғастырады.