Түркістан
EN

Мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

1
17.11.2026

 Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды. Төрт күдіктінің мал ұрлығының сегіз дерегіне қатысы бар екені анықталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, олар 20  ірі қара мен 47 қойды ұрлаған. Барымташылар еркін жайылымда жүрген малдарды ноқталап,  жергілікті ауыл тұрғынына сатып отырған. Бүгінде ұрланған барлық мал тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру  жүріп жатыр. Ішкі істер министрлігі әрбір азаматтың мүлкі заңмен қорғалатынын айтады.