Балалар күні 10 күн тойланады

165
30.05.2024 16:27

1-маусымнан бастап облыс көлемінде «Алтын балалық шақ» декадасы өтеді. Іс-шараны балалар күнін орай Түркістан облысы әкімшілігі мен білім басқармасы ұйымдастырып отыр. Ол бойынша барлық аудан мен қалалардың саябақтарында, орталық алаңдарында балалар концерт тамашалап, спорттық және интелектуалдық ойындарға қатыса алады. Ал, облыстың негізі іс-шарасы 1 маусым күні таңғы 10-да Керуен сарайда өтеді. Мұнда қуыршақ театрының қойылымы қойылып, аквагрим жасалмақ. Сондай -ақ, балаларға тегін тәтті таратып, өзге балақайлар үшін түрлі көрмелер қойылады. Айта кетейік, Республика бойынша 6 миллион бала болса, оның 1 миллионы Түркістан облысында тұрады.