Түркістан облысында өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы жалғасады

160
28.05.2024 16:56

Түркістан облысында өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы жалғасады. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының апталық отырысында айтылды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды тазалық, абаттандыру жұмыстарын жүйелеуді, тұрғындардың экологиялық белсенділігін көтеруді тапсырды. Облыстағы барлық мекеме қызметкері өздерінің ғимараты мен ауласын таза ұстауы керектігін жеткізді.