Түркістанда ашық құдықтар азаяр емес

81
22.05.2024 21:19

Ашық құдық ажалға апарады! Әжетханаға, қоқыс өртеуге шұңқыр қазған жер үй тұрғындарының салғырттығы сан соқтырып отыр! Өкінішке қарай, Сарыағаштағы сәбидің трагедиясы да әзірге көпке сабақ болмаған секілді. Тәртіп сақшылары ашық-шашық кәріз құдықтардың адам өміріне қаншалықты қауіпті екенін талай ескертсек те, ескеретіндер аз деп отыр. Ірі қалаларды айтпағанның өзінде бір ғана Түркістанда ашылып жатқан құдық, шұңқыр көп! Әріптесім Шынар Әділханқызы полицейлермен бірге арнайы рейдке барып, көңілі түсіп қайтты!