Баланы құтқарған оқушыға 1 млн теңге берілді

87
22.05.2024 21:17

Бес жасар баланы құтқарып қалған оқушы марапатталды. 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжановқа Астана әкімі 1 миллион теңге ақшалай сыйлық пен планшет табыстады. Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетуге уәде берді. Естеріңізге салсам, оқиға Елордада тұрғын үй кешендерінің бірінде болған еді. Төртінші қабаттың балконында салбырап тұрған бес жасар баланы көрген Ақан Әкімжанов еш ойланбастан әрекет еткен. Ержүрек оқушы қазір отбасының ғана емес, күллі достарының мақтанышына айналды.