Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

304
21.05.2024 21:53

Еліміздегі ең басты 3 музейге ұлттық мәртебе беріледі. Ал Астана қаласындағы қазақ ұлттық өнер университеті бұдан былай Күлаш Байсейтованың есімімен аталмақ.  Бұл туралы  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет майталмандарын құттықтау рәсімінде мәлімдеді. Президент, алдымен аталған саланы дамыту мемлекетіміз үшін негізгі басымдықтың бірі саналатынын жеткізді. Соңғы 3 жылда еліміздегі 700-ден астам ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 168-і жаңадан салынған. Бұл мәдениет пен өнер мекемелерін жабдықтау деңгейі жақсарып келе жатқанының дәлелі,-деді.