Биыл халық әртісі, күйші, композитор, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл. Осыған орай ел аумағында түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Алматыда да Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық оркестрі арнайы кеш ұйымдастырған еді. Толығырақ әріптесім Өмір Әнуарбек тарқатады.
Айтулы шараның шымылдығы «Әсем қоңыр» күйімен ашылды. Әрмен қарай Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің күйшілері көптің құлақ құрышын қандырып, Құрманғазы мен Динаның мұрасын қайта жаңғырты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мерейлі мерекені Алматыда өткізудің өзіндік маңыздылығы бар.
МЕДЕТ ҚУАНЫШОВ ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОРКЕСТРІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Жалпы Дина әжеміз туралы айтпай кетуге болмайды. Дина әжемізді білесіз Құрманғазы атамыздың бірінші шәкірті ғой. Және осы Дина әжемізді Алматыға алдыртудағы үлкен бір себепкер болған Ахмет Жұбанов атамыздың өзі соны іздеп, тапқызып, осы жерге алып келген болатын.
Дина Нұрпейісова 19 жасына дейін Құрманғазының баулуында болып, оның шәкірті еді. Сүйріктей саусақтарымен домбыра пернесін дәл тапқан өнер иесінің «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма», «Кербез», «Он алтыншы жыл», «Әсем қоңыр» сынды бірнеше туындысы халықтың жүрегінен ойып тұрып орын алды. Бүгінгі кешке Өзбекстаннан келген арнайы қонақ оның күйлері даналықтың бастауы дейді. Айтуынша, Дина Нұрпейісованың туындылары өзге мемлекеттерде де жиі орындалып жатады.
ФАРУХ САДЫҚОВ ӨЗБЕКСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ
Мұндай шараға қатыспау мен үшін үлкен қателік болар еді. Дина Нұрпейісованың күйлері бізідң елде де шертеміз. Бізде ғана емес, Қырғыз елінің күйшілері де орындап жатқанын байқаймын. Бүгін осындағы керемет күйлерді тыңдап, демалып қалдым. Дина әженің туындыларынан ерекше эгергия алуға болады.
Бармақтары буынсыз күй анасы – Дина 91 жасында да ел алдында өнер көрсетті. Ал 1955 жылы 31 қаңтарда қазақ өнерінің қайраткері дүние салды. Өзі өмірден өткенімен, артында өшпес із қалды. Шәкірттері мен тағылымды туындылары күйшінің атын мәңгі естен шығармасы анық.
Өмір Әнуарбек
️