Статистика туралы заңға өзгерістер енгізіледі

48
06.05.2024 17:03

 «Мемлекеттік статистика туралы Заңға» өзгеріс енгізілді.  Өзгертулер статитикалық деректерді жинау тетігін жетілдіруге бағытталған. Заң жобасы қабылданғаннан кейін формаларды қысқарту процесі айтарлықтай жеделдей түседі. Есептемелерді кәсіпкерлік субъектілері, бюджеттік ұйымдар тапсырады, сауалнамаға қарапайым азаматтар қатысады. Бұл — жүктеме. Ал дер уақытында тапсырмағаны немесе күмәнді деректер үшін жауапкершілік қарастырылған.Аталған өзгерістер 2024 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтылды.