Қараусыз жүрген малдың кесірінен 29 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 7 адам қаза болған

53
06.05.2024 16:58

Түркістан облысындағы  автокөлік жолдарында қараусыз жүрген мал кесірінен көлік апаты жиілеген. Жыл басынан бері 29 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 7 адам қаза болды. 37 адам әр түрлі дене жарақатын алған. Жол мамандары Сайрам ауданы Таскешу елді мекен тұрғандарымен кездесіп автомобиль жолының бойына мал жаймау керектігін түсіндірді. Айта кету керек, облыстағы маңызы бар 705 шақырым жолдың 39 шақырымы ғана қоршалған. Мамандар биыл олардың шақырымын арттырмақ.