Табиғи апат: 6,5 мың адам әлі эвакуациялау пункттерінде

50
30.04.2024 16:28

Елімізде су тасқыны салдарынан зардап шеккен 6,5 мың адам әлі эвакуациялау пункттерін паналап отыр. Ал 39 352 адам өз үйлеріне оралған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде Атырау облысында 41 елді мекенде су бөгеттері салынып жатыр. Су тасқыны кезінде өңірде 500 шақырымнан аса қорғаныс салынған.  Бүгінде облыста 10 өңірден келген құтқарушылар мен әскерилер жұмыс істеп жатыр. Сағат сайын Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Жайық өзенінде судың деңгейін бақылап отыр.