Кентау, Риддер және Қызылордадағы жылу көздерін жаңғыртуға резервтен 16 млрд теңге бөлінді

32
30.04.2024 16:25

Кентаудағы жылу электр орталығы күрделі жөндеуден өтеді. Оған резервтен 9 млрд теңге бөлінді. Премьер-Министрі Олжас Бектенов жылу көздеріне реконструкция және күрделі жөндеу жүргізу үшін Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулыларға қол қойды. Дәлірек айтқанда, Кентаудағы Жылу электр Орталығының 7, 8, 9, 10, 11 және 12 қазандықтары жөнделмек. Қабылданып жатқан шаралар биылғы жылыту маусымында Кентау қаласын тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Айта кету керек, өткен жылы шаһардағы жылу энерго орталығының қазандығы уақытша істен шығып, тұрғындар жылусыз қалған уақыттар болған еді.