Жыл басынан бері Түркістан облысында 70-тен аса адамды кене шаққан

48
29.04.2024 16:41

Жыл басынан бері Түркістан облысында 70-тен аса адамды кене шаққан. 1 адамнан Конго-Қырым қанды қызбасы анықталып отыр. Айта кетсек, өткен жылы аймақта аталған дертке 2 тұрғын шалдығып, біреуі қайтыс болған еді. 15 жастағы науқас дәрігер көмегіне кеш жүгінген. Сондықтан мамандар кенеден сақ болуға шақырады. 

Көктем шығып, күн жылынса адамдар табиғат аясына шығып, демалуға асығады. Осы кезде кене шағу жағдайлары жиілейді. Мұндайда бірден дәрігердің көмегіне жүгініп,  үш күннің ішінде иммуноглобулин қабылдап үлгеру қажет. Мамандардың айтуынша, қауіпті жәндіктер сәуір мен маусым айларында белсенді болады.