Абай облысында тасқын зардабын жою жұмыстары жатыр

37
26.04.2024 21:06

Абай облысы Аягөз ауданында тасқыннан келген шығын есептеліп, зардабын жою жұмыстары жүріп жатыр. Табиғи апат кезінде Аягөз қаласында 8 үйге су кірген. Қазір ондағы тұрғындарға өтемақы беріліп, қосымша бір реттік төлемдер жасалды. Мамандардың айтуынша, ауданда мал шығыны бар. Қазір оның саны нақты есептеліп жатыр. Шығын мөлшері түпкілікті анықталған соң өтемақы төленбек. Ал көпірін тасқын бұзып кеткен  Бозай ауылымен әлі де қатынас жоқ. 400-ден астам тұрғыны бар елді мекенге қажетті заттар қазір күні қайықпен жеткізілуде. Өткелді тез арада қалыпқа келтіру үшін «ҚазАвтоЖол» мамандары тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуге мәжбүр.