Райымбек Сейтметов атындағы сахна залы ашылды

39
26.04.2024 21:01

Бүгін Халықаралық Қазақ Түрік университетінде үш бірдей ірі тұлғаның атындағы аудитория мен зал ашылды. Соның бірі - халық әртісі Райымбек Сейтметовтың атындағы сахна залы. Тақыр жерден театр құрып, Түркістанның мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан өнер иесінің атынан зал ашу, университет үшін үлкен мәртебе дейді, ректор Жанар Темірбекова. Сондай-ақ, қос бірдей Халық әртісі Қажыбек Құдайбергенұлы мен  Рахима Төлегенқызының атындағы аудиториялар студенттер үшін есігін айқара ашты. Салтанатты жиынға Қоғам және мәдениет қайраткерлері, ұстаздар мен профессорлардың туыстары қатысты. Олар университет қабырғасында үш ірі тұлғаның Өнер факультетін құрғандағы ерен еңбектерін еске алып, шәкірттерінің жетістіктеріне тоқталды.