Түркістан өңіріндегі туризм саласының өкілдері халықаралық көрмеге қатысуда

53
25.04.2024 16:40

Бүгін Алматы қаласында KITF 2024 халықаралық туристік көрмесі өтіп жатыр. Ауқымды іс-шараға 28 елден 406 компания қатысуда. Олардың қатарында Түркістаннан барған туристік компания өкілдері де бар. Саяхатты дамытудың жаһандық алаңында олар өңірдің туристік әлеуеті таныстырып, жарнамаланып жатыр. Дәл қазір түркістандық делегациямен тікелей байланысқа шығып, көрме жайлы аз-кем ақпарат алсақ. Бізбен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының маманы Гүлдана Бекбаева байланысқа шыққалы тұр. Гүлдана ханым қайырлы күн, Түркістан облысының ақпараттық стенді несімен ерекшеленіп тұр?