Дүние жүзіндегі азық-түлік өнімдерінің бестен бір бөлігі қоқысқа кетеді

53
25.04.2024 16:38

Әлемде 800 миллионнан астам адам азық-түлік тапшылығын сезінеді. Алайда, әлемнің өзге тарапында тамақтың 19 пайызы қоқысқа кетеді екен. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше адамзат тамақтың бестен бір бөлігін ысырап етеді. Қалдықтардың басым бөлігі үй шаруашылықтарынан шығады. Әр адам жыл сайын 79 келі тамақ немесе тамақ қалдықтарын тастайды. Бұл құбылыс  жаһандық экономикаға зиянын тигізіп отыр әрі климаттың өзгеруіне, табиғи ортаның ластануына және бұзылуына ықпал етеді.