Қазақстандықтар балық пен теңіз өнімдерін аз тұтына бастады

54
25.04.2024 16:35

 Қазақстандықтар балық пен теңіз өнімдерін аз тұтына бастапты. Нан мен жарма,  тоң майына да сұраныс артпаған. Әр жанұя азық-түлікке жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесін ет өнімдеріне жұмсайды екен. Бұл көрсеткіш 17 пайызды құрап отыр. Ал, жан басына шаққанда ең көп тұтынатын өнім картоп. Әр қазақстандық айына орта есеппен 3,7 келі картоп, 2,4 келі нан, 2,1 келі сиыр етін тұтынады.