Әскерилер Оралға аттанды

83
24.04.2024 16:25

Еліміздің Қарулы күштерінің әскери қызметшілері су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсетуді жалғастыруда. Абай гарнизоны әскери бөлімдерінің 200-ге жуық әскери қызметшісі Орал қаласына арнайы бортпен аттанды. Бұған дейін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан 300-ден астам әскери қызметші мен 15 бірлік техника Солтүстік Қазақстан облысына су тасқынына қарсы жұмыстарға көмек көрсетуге жіберілген болатын.