Қанат Ислам Ыстанбұл қаласында халықаралық кәсіпқой бокс кешін өткізеді

46
24.04.2024 16:07

Белгілі боксшы Қанат Ислам Ыстанбұл қаласында халықаралық кәсіпқой бокс кешін өткізеді. Бұл жаңалықты Түркияда қазақ жастарымен кездескен спортшының өзі айтты. Бұған дейін Қанаттың бастамасымен осындай бокс сайысы Алматыда жоғары деңгейде ұйымдастырылған болатын. Оған 7 елден кәсіпқой боксшылар қатысып, екі түрлі тұжырым бойынша белбеулерді сарапқа салған еді. Ыстанбұлдағы спорт сайысында да бірнеше халықаралық бокс тұжырымының белбеулері ортаға қойылады. Қазақстан сауда және мәдениет орталығында өткен кездесуде Қанат Ислам жастардың сұрақтарына жауап беріп, спорттық мансабы жолындағы қиындықтары мен жетістіктері туралы әңгімеледі.