Құлпынай жаппай сатылымға шықпақ

39
23.04.2024 16:20

Түркістан облысының құлпынайлары 2-3 күнде піскелі тұр.  Уылжып піскен экзотикалық жидек жергілікті халықты толық қамтып, қала берді еліміз бойынша жаппай сатылымға шықпақ. Құлпынайдың биылғы өнімділігі қандай? Толығырақ тілші сюжетінде. 

Марат Оралов – Келес ауданы Қазақстан ауылының тұрғыны. Кәсіп иесі құлпынай шаруашылығымен 2021 жылдан бері айналысып келеді. Бастапқыда 1 гектар егістік алқабында басталған кәсібінің көлемін бүгінде 5 гектарға жеткізген. Күзде егілген құлпынай 2-3 күнде алғашқы жемісін бермек.