Әскери сабақ өтті

45
23.04.2024 16:17

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі болып табылады. Осы мақсаттта Түркістан облысы, Төлеби ауданында ҚР Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімі аумағында әскери патриоттық сабағы ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Жорабек Жолдасбеков, әскери бөлім басшылығы және №8 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жас бүркіт» әскери патриоттық сыныбы қатысты. Жас жеткіншектердің  күрделі де құрметті мамандықты таңдап, Отан қорғаушылармен бір қатарда жүріп, өз өмірін армиямен байланыстыруға арналған сабақ барысында оқушыларға назарына қару-жарақтың түрлерімен танысты.