Суға кеткен үйлердің ақшасы қолма-қол берілмейді

48
23.04.2024 16:10

Үйлері қызыл суға кеткен азаматтарға 22 млн теңге қолма-қол берілмейді. Аталған қаржыға үйді құрылыс компаниялары салып береді немесе екінші нарықтан үй немесе пәтер сатып алуға болады. Бұл туралы  Үкіметтің баспасөз орталығында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекет зардап шеккен азаматтарға тек үйдің өзін салып береді. Суға кеткен монша, қора-қопсы қалпына келтірілмейді.  Сондай-ақ ведомство басшысы жаңа үйлер қауіпсіз аумақтарға салынатынын атап өтті. Айта кетейік, елімізде 5 мыңнан астам үй су астында қалған.