Мың жылдық тұт ағашының маңы тазаланды

57
20.04.2024 17:52

Кентауға қарасты Қарнақ ауылында мың жылдық тұт ағашы бар. Түбі қурап кеткенімен, биігіндегі бұталары бүгінде жапырақ ашып,  қайта көктей бастаған. Биіктігі 8-9 метр болатын ағашқа 6 адамның құшағы әзер жетеді. Соңғы кезде алып ағашты көру үшін еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келетіндер көбейген. Сол үшін мекеннің тазалығы бірінші орында. Бүгін қала әкімі Жандос Тасовтың бастамасымен экоакция өтті. Бұл-киелі мекендерді тазалау апталығы аясында ұйымдастырылған.

Имам Бақли мазараты атанып кеткен бұл мекен шежірелі Тұт ағашымен әйгілі. Мың жылдан бері қалпын бұзбай, тіпті бір бөлігі жеміс беріп тұрған ағашты Қарнаққа ислам дінін таратушы имам Бахли жылқы байлау үшін жерге қаққан ағашы көгеріп, өсіп шыққан деген аңыз бар.