Түркістаннан Солтүстік Қазақстан облысына 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

53
18.04.2024 16:10

Түркістаннан Солтүстік Қазақстан облысына 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді. Жиналған жылудың құны 30 миллион теңгеге жуық. Игі іске барша Түркістан халқы атсалысқан. Азық-түлік пен киім-кешек, дәрі-дәрмектен бөлек, су басқан өңірлер үшін аса қажет үрлемелі қайық, резеңке етік, күрек-қолғап, мотопомпа, тоқ беретін генераторлар жеткізілді. Айта кету керек бұл Түркістан облысыннан су тасқыны болған аймақтарға жеткізіліп жатқан көмектің алғашқы лебі емес. Бұған дейін Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырауға да көмек жіберілген. Жалпы Солтүстікке өзге аймақтардан барлығы 300 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген.