«Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру жұмысы жалғасуда

56
18.04.2024 16:08

«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру жұмысы биыл да жалғасын табады. Оның негізгі мақсаты – азаматтардың қаржылық сауатын арттыру. Былтыр сәуір айында бастау жоба арқылы  100 мыңнан астам адам оқудан өтті. Енді партиялықтар жеке қосалқы шаруашылықтарды аграрлық кооперативтерге біріктіру арқылы «Қарызсыз қоғам» жобасы түлектерінің табысын арттыруға көмектесуге ниетті. Осы мақсатта «AMANAT» партиясы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, «Halyk Bank»-тың және «Банк Центр Кредиттің» қолдауымен «Қамқоршы AMANAT» қоры құрылғаны туралы хабарлайды. Тиісті меморандумға қол қойылды.